​Ақтөбелік кәсіпкердің 17 млн теңге тұратын сағаты жоғалып кетті

0
1 368

Telegram мәліметінше, Марат Әбиев 29 жаста. Ал, табысы 18 млн долларды құрайды.


​Ақтөбелік кәсіпкердің 17 млн теңге тұратын сағаты жоғалып кетті

ERNUR.KZ. Мәскеуде ақтөбелік кәсіпкер Марат Әбиевтің 17 млн теңге тұратын сағаты жоғалып кетті, деп жазады Stan.kz.

Кәсіпкер Мәскеудің "Петр Первый" қонақ үйінде тұрады. 16 сәуірде кәсіпкер "Украина" қонақ үйіне іскерлік кездесуге барады. Жол бойында сағатының жоғалғанын байқайды. Breguet қолсағаты оның сүйікті сағаты екен. Өзінің айтуынша, аса қымбат тұрмайды. Бағасы 17 млн теңге. Ол полицияға арыз жазған. Қазір полицейлер қаладан жоғалған сағатты іздеп жатыр.

Әбиев Марат Жақсылықұлы Ақтөбе облысында 1989 жылы өмірге келген. Ең жас миллионер саналады.

Forbes Kazakhstan мәліметінше, 2013 жылы табысы 11 млн доллар деп, 2014 жылы 18 млн доллар деп бағаланған.