Ақтөбелік шенеунік мектеп құрылысына бөлінген 60 млн теңгені жымқырған

0
1 850

Экс-шенеунік қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланған.


Ақтөбелік шенеунік мектеп құрылысына бөлінген 60 млн теңгені жымқырған

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысының құрылыс бөлімінің бұрынғы бастығы Нұрлан Иманалин жеті жылға сотталды, деп жазады baq.kz.

Экс-шенеунікке «Ақ Саток» компаниясының директорымен бірге Сағашілі ауылында мектеп құрылысына бөлінген бюджеттен 60,7 миллион теңге жымқырды деген айып тағылды.

Іс материалдарына сәйкес, бөлім бастығы қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланған. Ол негізсіз жеке компанияға мемлекеттік сатып алу шарты бойынша жұмысты орындағаны үшін соманың 3% қайтарып берген. Қайтарылған сома 22,4 млн теңгені (53 мың доллар) құрады. Сонымен бірге компания объектідегі барлық жұмыстарды аяқтаған жоқ.

Одан бөлек, төтенше жағдай кезінде ішкі істер органдарының талаптарына бағынбай, қызметтік міндеттерін орындау кезінде полиция қызметкерлеріне күш қолданамын деп қорқытты деп айыпталды.Сот бұрынғы шенеунікті бас бостандығынан айырып, жеті жылға соттады. Мемлекеттік органдарда өмір бойы қызмет ете алмайды, -делінген ақпаратта.

Оның сыбайласы - құрылыс компаниясының директоры алты жылға бас бостандығынан айырылды. Ол он жыл бойы коммерциялық ұйымдарда жұмыс істей алмайды.