Алаяқтар 115 қазақстандыққа заңсыз автонесие рәсімдеп 1,6 миллиард теңгеге алдап соққан

0
476

Құқық қорғау органдары анықталған тұлғалардың әрекетінен зардап шеккен қазақстандықтардан полицияға хабарласуын сұрайды.


Алаяқтар 115 қазақстандыққа заңсыз автонесие рәсімдеп 1,6 миллиард теңгеге алдап соққан

ERNUR.KZ. Астана полициясы 1,6 млрд теңге шығын әкелген алаяқтар тобын әшкереледі, деп жазады stan.kz.

Полицияның мәліметінше, алаяқтар азаматтарды алдап, заңсыз автонесие рәсімдеген. Сондай-ақ кепілде тұрған көліктерді иелерінің және екінші деңгейлі банктердің келісімінсіз жақын шетелдерге сатып жіберіп отырған.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында елордалық полиция алаяқтыққа қатысы бар үш күдіктіні анықтады. Олардың кесірінен 115 азамат жапа шеккен. Келтірілген залал көлемі шамамен 1,6 миллиард теңге”, – делінген хабарламада.

Құқық қорғау органдары анықталған тұлғалардың әрекетінен зардап шеккен қазақстандықтардан полицияға хабарласуын сұрайды.