Алдағы оқу жылына мұғалімдерді қабылдау жаңа тәртіппен жүргізіледі

0
748

Өткен жылы 19 қарашада Білім және Еңбек министрліктерінің бірлескен бұйрығы қабылданды. Биылғы оқу жылына мұғалімдерді қабылдау осы жаңартылған бұйрықтың негізінде жүзеге асырылады.


Алдағы оқу жылына мұғалімдерді қабылдау жаңа тәртіппен жүргізіледі

ERNUR.KZ. Мұғалімдерді жұмысқа қабылдау жаңа тәртіппен жүргізіледі. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Өткен жылы 19 қарашада Білім және Еңбек министрліктерінің бірлескен бұйрығы қабылданды. Биылғы оқу жылына мұғалімдерді қабылдау осы жаңартылған бұйрықтың негізінде жүзеге асырылады. Педагогтарды жұмысқа қабылдаудың негізгі мақсаты - осы педагогтарды жұмысқа қабылдау кезінде ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету, оқу жүктемесін бөлу барысында заңсыздықтарды болдырмау және педагогикалық бекітілген жүктемен қамтамасыз ету», - ол министрліктің аппарат жиналысында.

Оның атап өтуінше, бос жұмыс орны шыққан кезде әрбір жұмыс беруші, яғни, мектеп директоры жұмыс орнының босағанын бес күннің ішінде еңбек жағдайлары мен жалақысын көрсете отырып, Халықты жұмыспен қамту орнына ақпарат беруі тиіс. Мәліметтер жазбаша немесе электронды еңбек биржасы мемлекеттік ақпараттық порталында беріледі.

«Бұл ретте Халықты жұмыспен қамту туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершіліктің қарастырылғанын естеріңізге салғым келеді. Сондықтан босаған барлық орынға қатысты ақпаратты мектеп, басқа білім мекемелерінің басшылары уақытылы ұсынуы тиіс», - деді Шолпан Каринова.