Алдағы үш жылда Ұлттық қордан қанша ақша бөлінеді – парламент заң қабылдады

0
799

​Парламент Ұлттық қордан бөлінетін кепілдендірілген трансферт туралы заңды қабылдап, президенттің қол қоюына жіберді.


Алдағы үш жылда Ұлттық қордан қанша ақша бөлінеді – парламент заң қабылдады

ERNUR.KZ. Сенат Ұлттық қордан 2021 – 2023 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы заңды қабылдады, деп жазады sputnik.kz.

Бұған дейін заң жобасын мәжіліс мақұлдаған болатын.

Құжатта Ұлттық қордан 2021 жылы – 2 триллион 700 миллиард теңге, 2022 жылы – 2 триллион 400 миллиард теңге, 2023 жылы – 2 триллион 200 миллиард теңге кепілдендірілген трансферт бөлу көзделген.

"Заң жобасында, сондай-ақ. кепілдендірілген трансфертті пайдаланудың нысаналы бағыты айқындалды. Осы қаражат республикалық бюджеттен ортақ зейнетақыларды төлеуге және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдеріне бағытталады", - деді ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов.

Ол кепілдендірілген трансферт бөлінгеннен кейін Ұлттық қордағы қаражат жалпы ішкі өнімнің 30% мөлшерінен төмендемейтінін атап өтті.

Парламент Ұлттық қордан бөлінетін кепілдендірілген трансферт туралы заңды қабылдап, президенттің қол қоюына жіберді.