Александр Данилов вице-министр қызметінен кетті

0
479


Александр Данилов вице-министр қызметінен кетті

ERNUR.KZ. Александр Данилов вице-министр қызметінен кетті, - деп жазады Tengrinews.kz,

"Үкіметтің қаулысымен Александр Сергеевич Данилов ақпарат және әлеуметтік даму вице-министрі қызметінен босатылды", - деп хабарлады Премьер-министрдің баспасөз қызметі.

Александр Данилов 1991 жылы 16 желтоқсанда Қарағандыда дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін және Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген. Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.