QazVac вакцинасы Қазақстан аумағында 18 ай мерзімге уақытша тіркеуден өтті.
ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесуске қазақстандық вакциналарды тездетіп тіркеу туралы өтініш айтты, деп жазады Azattyq Rýhy.
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі өзінің Facebook-парақшасындағы жазбасында мәлімдеді.
Мемлекет басшысының Швейцарияға ресми сапары аясында өткен кездесуде Алексей Цой COVID-19-ға қарсы әзірленген қазақстандық екі вакцина туралы айтады.
«QazVac вакцинасы Қазақстан аумағында 18 ай мерзімге уақытша тіркеуден өтті. QazVac мұсылман елдерінде әзірленген жалғыз вакцина және Қазақстан мұсылмандарының рухани басқармасы ұсынған халал сертификаты бар. Осы жылдың маусым айында QazCoVac-P вакцинасы клиникалық зерттеу кезеңінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының кандидаттық вакциналар тізіміне енгізілді. ДДҰ басшысынан қазақстандық вакциналарды тіркеу процесін жеделдетуге қолдау көрсетуді сұрадық», ˗ дейді министр.