Алексей Цой отандық вакцинасының екінші дозасын салдырды

0
370

Алексей Цой QazVac вакцинасын алғашқылардың бірі болып салдырған болатын.


Алексей Цой отандық вакцинасының екінші дозасын салдырды

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой QazVac вакцинасының екінші дозасын алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы министр өзінің Facebook парақшасында жазды.

«QazVac-тың екінші екпесін алдым. Бірінші дозасын алған кездегі секілді қазір де өзімді жақсы сезініп отырмын. Ешқандай жанама әсері болған жоқ. Вакцина – пандемиядан шығудың бір ғана тиімді әдісі. Аман-сау болыңыздар! Өздеріңізді қорғаңыздар!», - деп жазды министр.

Еске сала кетсек, 26 сәуірде Алексей Цой алғашқылардың бірі болып «QazVac» вакцинасын салдырды.