Әлем чемпионатын қазақстандық хоккейшілер жеңіспен бастады

0
1 125

Матч жарыс қожайындары үшін сәтті басталды.


Әлем чемпионатын қазақстандық хоккейшілер жеңіспен бастады

ERNUR.KZ. Елордадағы «Барыс-аренада» шайбалы хоккейден бірінші дивизионның «А» тобындағы командалар арасында әлем чемпионаты басталды, деп жазады 24.kz.

Элиталық топтың екі жолдамасы сарапқа салынатын біріншілікке алты елдің құрамасы келді. Қазақстан алғашқы кездесуін Стэнли кубогының екі дүркін жеңімпазы Анже Копитар бастаған Словениямен өткізіп, маңызды үш ұпайына иелік етті. Матч жарыс қожайындары үшін сәтті басталды. Төртінші минутта Никита Михайлис айдындағы сан басымдығын, нәтижеге ұластырды. Санаулы минуттардан кейін Антон Некряч есепті еселей түсті. Кейін Михайлис белсеніп, осы ойындағы екінші шайбасын еншісіне жазды. Қазақстандық хоккейші кездесудің үздік ойыншысы атанғанын да айта кетейік. Словения үзілістен кейін ес жиды. Анже Куралт пен Давид Родман мергендік танытып, ойынды қыздыра түскен еді. Алайда шешуші кезеңде нәтиже өзгерген жоқ. Есеп – 3:2. Қазақстан әлем чемпионатын жеңіспен бастады. Ертең Андрей Скабелка шәкірттері Литвамен айдынға шығады.