Қазіргі уақытта әлемнің 130-ға жуық елінде тұратын 2,5 миллиард адам коронавирусқа қарсы вакциналарға қолжеткізе алмай отыр.
ERNUR.KZ. Бұл туралы ДДСҰ басшысы Тедрос Гебрейесус пен ЮНИСЕФ-тің атқарушы директоры Генриетта Фордың бірлескен мәлімдемесінде айтылған, деп жазады 24.kz.
«Осы уақытқа дейін енгізілген 128 миллион доза вакцинаның төрттен үш бөлігінен астамы әлемдік жалпы ішкі өнімнің 60%-ін құрайтын 10 елде ғана жасалған», - делінген құжатта.
Осыған байланысты ДДСҰ мен ЮНИСЕФ қауіп тобына жататын тұрғындарға вакцина егіп үлгерген үкіметтерді COVAX механизмі арқылы препаратпен бөлісуге шақырды.