Әлемнің "Ең үздік ұстазы" атағын алған ақтаулық ұстаз шәкірттері үшін Англияның оқу грантынан бас тартты

0
1 922

Ол өзінің оқушыларын қимаған.


Әлемнің

ERNUR.KZ. 25 жастағы Жігер Телеуханов есімді азамат Англия университетінен ұтып алған оқу грантынан бас тартты, деп жазады Stan.kz.

Жігер Телеуханов шетелде оқудан бас тартып, өзінің отанына оралуды қалапты. Жас педагог Англияда өткен байқауға қатысқан. Ол әлемнің түкпір-түпірінен келген 100 ұстазбен бірге "Ең үздік ұстаз" атағын алу үшін бақ сынасыпты. Байқауда қазақстандық оқытушы химия пәнінің үздік мұғалімі атаныпты. Ол Англия ұсынған оқу грантынан бас тартып, өз еліне келіп, Ақтаудың ғылыми-инновациялық лицейінде сабақ беруді жалғастырғанды жөн көріпті.

Жігердің айтуынша ол өзінің оқушыларын қимаған.

"Менің өз міндеттерім бар. Мен үшін үлгі тұтарлық азаматтар, еліміздің нағыз патриоттары - Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы және Абай Құнанбайұлы болып саналады. Олар өздері өмір сүрген уақытта жастардың сауатты болуына көңіл бөлген. Біздің олардан қай жеріміз кем? Біз ата-бабаларымыздың мұратын жалғастыруысыз қажет", - дейді жас педагог.

Лицейдегі ұстаз жасынан қарамастан өз ортасының сыйлы азаматы екен. Бос кезінде Жігер Телеуханов семинарлар өткізіп, қандай әдебиет оқу керектігі жайлы кеңес беріп, тәжірибесімен бөліседі.

Ақтаулық ұстаз полиглот көрінеді: ол жеті тілде сөйлей алады. Ол - Алматыдағы Қазақ Ұлттық университінің түлегі, Англия мен Францияда білім алған. Қазір Жігер өзінің шәкірттерін химия пәнінен олимпиадаға дайындап жатыр. Ол өзі білім берген оқушыларының үздік атанатына сенімді екен.