Мемлекет онсыз әлеуметтік жәрдемақысыз күнелте айламйтын топтарға қажетті көмек көрсетіп отыр.
ERNUR.KZ. Үкіметтің кеңейтілген кеңесінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік кепілдіктерді азаматтардың мұқтаждығына қарай қайта бөлуді тапсырды деп жазады ҚазАқпарат.
«Адами капиталды тиімді дамыту аясында мемлекеттік әлеуметтік қолдау нақты адамдарға бағдарланған және атаулы болуға тиіс. Әлеуметтік кепілдіктердің ағымдағы көлемі қысқармауы керек, бірақ шынымен мұқтаж азаматтардың пайдасына қайта бөлінуі тиіс», - деді Мемлекет басшысы.
Президенттің сөзінше, мемлекет онсыз әлеуметтік жәрдемақысыз күнелте айламйтын топтарға қажетті көмек көрсетіп отыр.
«Әлеуметтік кепілдіктердің бәрі жәрдемақылар төлеуге емес, өнімді жұмыс орындарын құруға бағытталған белсенді әлеуметтік саясатқа негізделуі керек. Бұл «Жалпыға бірдей жұмыспен қамту» қағидатын іске асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.