Құжаттар пакетіне сәйкес, ведомство маманы "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне қиын жағдайға тап болған адамның немесе оның отбасының өтінішімен мәліметтерді енгізеді.
ERNUR.KZ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына өзгерістер енгізілетін бұйрық жобасын дайындады, деп жазады zakon.kz.
Құжаттар пакетіне сәйкес, ведомство маманы "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне қиын жағдайға тап болған адамның немесе оның отбасының өтінішімен мәліметтерді енгізеді.
Сондай-ақ, ол өзі мемлекеттік корпорация арқылы өтініш бере алады, оның деректері автоматты түрде "Е-собес"ААЖ-ға беріледі.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шешім шығарылғаннан кейін жүгінген адамның тұрғылықты мекен жайы бойынша ведомство екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік қызметтер порталында (http://aleumet.egov.kz) құжаттарды ресімдеу туралы және авторизациялау және стационарлық үлгідегі ұйымды таңдау қажеттігі туралы хабарлама жібереді.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шешім арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкердің қорытындысын және тұрғын үй және материалдық-тұрмыстық жағдайларды қарау актісін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданады.
Бұл өзгерістер "Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды ресімдеу", сондай-ақ медициналық-әлеуметтік мекемелерде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету қағидаларына енгізіледі.
Жоғарыда түсіндірілгендей, "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" заңға қиын жағдайға тап болған адамдарға немесе отбасыларға көмек сұрауға, атап айтқанда, оларға әлеуметтік қызметкер беруге немесе әлеуметтік үйге мұқтаж адамды анықтауға мүмкіндік беретін қосымша енгізілді. Мұны әлеуметтік қызметтер порталы арқылы жасауға болады.
Осылайша, электрондық кезекке тұру мүмкіндігі мен таңдауын көрсетілетін қызметті алушының өзі әлеуметтік қызметтер порталында жасай алады. Бұған дейін кезектілікті ЖҚжӘББ мамандары жүргізген болатын, - деп айтты Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі.
Бұйрық жобасы 27 қазанға дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.