Ол вакцина тақырыбында әркім жеке шешім қабылдайтынын жазды.
Қазақстанның тұңғыш президентінің кенже қызы Әлия Назарбаева коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Назарбаева Instagram парақшасында вакцина салдырған сәттен фото жариялап, вакцина тақырыбында әркім жеке шешім қабылдайтынын жазды.
"Вакциналау туралы көптеген пікір бар және әркім оған байланысты жеке шешім қабылдауға құқылы. Демалыста жүргенде қытай вакцинасын салдырдым. Жағдайым жақсы. Алайда денсаулықтың басты кепілі белсенді өмір салтын ұстану, күн және барлығына позитивпен қарау екенін ұмытпау қажет", - деді Назарбаева.