Алматы әуежайының ескі және жаңа терминалы арасында көпір ашылды

0
243

Бұған дейін екі терминал арасында тікелей байланыс болмаған еді.


Алматы әуежайының ескі және жаңа терминалы арасында көпір ашылды

фото: Sputnik/Ертай Сарбасов

ERNUR.KZ. Алматы әуежайының халықаралық рейстерге арналған жаңа терминалы мен ішкі рейстерге арналған ескі терминалы арасында жаңа көпір ашылды, деп жазады sputnik.kz.
Бұған дейін екі терминал арасында тікелей байланыс болмаған еді. Ескі не жаңа терминалдан екіншісіне бару үшін ғимараттың сыртына шығып, жаяу жүру қажет болатын.
"Алматы әуежайында терминалдар арасында жаңа көпірдің құрылысы аяқталғанын қуана хабарлаймыз. Енді халықаралық және ішкі терминалдар арасында көшеге шықпай-ақ оңай және жылдам өтуге болады", — деп хабарлады әуежай әлеуметтік желіде.