Жол апаты салдарынан Volkswagen көлігінің 41 жастағы жүргізушісі мен оның екі жолаушысы оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды.
ERNUR.KZ. Қарағанды облысында жол апаты болып, салдарынан Volkswagen көлігінің 41 жастағы жүргізушісі мен оның екі жолаушысы көз жұмды, деп жазады Zakon.kz.
Қарағанды облысы полицейлерінің мәлімдеуінше, 15 тамызда Ақсу-Аюлы кентінен 50 км қашықтықта орналасқан Алматы – Екатеринбург автожолында Chevrolet Cobalt және Volkswagen Passat көліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.
Жол апаты салдарынан Volkswagen көлігінің 41 жастағы жүргізушісі мен оның екі жолаушысы оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды.
Ал Chevrolet көлігінің 28 жастағы жүргізушісі мен екі көліктің жеті жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді.
Полиция өкілдері бұл факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігімен қылмыстық іс тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалғанын мәлімдеді.