Алматы-Екатеринбург тасжолында жол апатынан бес адам қаза тапты

0
924

11 адам түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді.


Алматы-Екатеринбург тасжолында жол апатынан бес адам қаза тапты

ERNUR.KZ. 14 шілдеде сағат 12:00 шамасында Алматы-Екатеринбург тасжолында Ақшатау кентінен 30 шақырым жерде автобус пен Toyota Estima соқтығысқан, деп жазады tengrinews.kz.

Оқиға салдарынан Toyota Estima көлігінің төрт жолаушысы мен автобустың бір жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

11 адам түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді.

"Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, тергеу жүргізіліп жатыр. Қарағанды облысының полиция департаменті жүргізушілерді сергек болуға және жылдамдық режимінен аспауға шақырады",-деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.