Алматы қалалық мобильділік басқармасы бастығы пара алды деген күдікке ілінді

0
2 519

Ол өткен жылдың маусым айында тағайындалған еді.


Алматы қалалық мобильділік басқармасы бастығы пара алды деген күдікке ілінді

ERNUR.KZ. Алматы қалалық мобильділік басқармасының бастығы Ерлан Әділовке қатысты қылмыстық іс тергелуде, деп жазады zakon.kz.

Пара алу дерегі бойынша Әділов Е.М-ге қатысты сотқа дейінгі тергеу 16 ақпанда ҚР Қылмыстық кодексінің 366 бабы 2-бөлігімен (Ірі мөлшерде пара алу) басталған. Қазір істің мән-жайы анықталуда. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды, - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Талғат Башев.

Ерлан Әділов өткен жылдың маусым айында Алматы қалалық мобильділік басқармасының бастығы болып тағайындалған болатын.