Қалада 286 153 адам вакцина салдырған.
Қазақстанда бір тәулікте коронавирусқа қарсы вакцинаның толық дозасын 21 541 адам алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
27 маусымдағы деректерге сәйкес, Қазақстанда I компонентпен 3 130 095 адам вакцина салдырды, II компонентті 1 891 022 адам алды.
Коронавирус вакцинасының толық дозасын алған өңірлер арасында Алматы қаласы көш бастап келеді – 286 153 адам.
Одан кейінгі орындарда Алматы облысы (197 332), Түркістан облысы (172 785), Шымкент қаласы (147 759), Қарағанды облысы (145 877) және Нұр-Сұлтан қаласы (144 391).
Айта кетейік, 26 маусымда коронавирус вакцинасының толық дозасын алғандар саны 1 869 481 адам болды.