Қанды оқиға биыл 4 шілдеде Қызылорда облысының Арал ауданында болған.
Фото: pexels.com
ERNUR.KZ. Облыстық прокуратураның мәліметінше, сол күні сотталған тұрғын мен ұлының арасында өз үйінде кикілжің туған, деп жазады inform.kz.
- Отбасылық жанжал кезінде ол пышақпен ұлының кеуде тұсынан, қолының ішкі тұсынан, басынан пышақ жарақатын салып, жүрек тамырын зақымдап, соның салдарынан жәбірленуші қайтыс болған. Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен сотталған Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, - делінген хабарламада.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
- Тұрғындардан құқықбұзушылықтар мен зорлық-зомбылық фактілеріне бейжай қарамауды, мұндай жағдай болған кезде құқық қорғау органдарына уақытылы хабарлау қажет екенін ескертеміз, - деп хабарлады прокуратура.


