​Алматы қаласына жаңа мәртебе берілді

0
207

Бұл шешімді Дүниежүзілік қолөнершілер кеңесі (World Crafts Council) қабылдады.


​Алматы қаласына жаңа мәртебе берілді

Фото: Алматы қаласы туризм басқармасы

ERNUR.KZ. Алматы қаласына World Craft City – дүниежүзілік қолөнер қаласы мәртебесі ресми табысталды, деп жазады inform.kz.

Бұл шешімді Дүниежүзілік қолөнершілер кеңесі (World Crafts Council) қабылдады. Олар Алматының мәдени мұраны сақтаудағы, қолөнерді дамыту мен креативті экономиканы қолдаудағы үлесін алға тартты.

Салтанатты рәсім Алматыда ұйымдастырылған ALA CRAFT 2025 халықаралық фестивалі аясында өтті. Фестивальге Қазақстан, Азия, Еуропа, Австралия және АҚШ елдерінен 100-ден астам шебер қатысты.

- Алматыға World Craft City мәртебесінің берілуі – қаламыз үшін маңызды жетістік. Ол Алматының креативті индустрия мен мәдени туризм орталығы тұрғысынан халықаралық беделін нығайтады. Сонымен қатар біздегі қолөнерді жаһанға танытуға, білім беру бағдарламаларын, халықаралық шеберлік резиденцияларын дамытуға және қолөнердің қала экономикасына интеграцияланған тұрақты экожүйесін қалыптастыруға жол ашады, – деді Алматы қаласы туризм басқармасының басшысы Ғалия Тоқсейітова.

Еске салайық, былтыр Алматы «Дүниежүзіндегі қолөнер қалалары» тізіміне енуі мүмкін екені айтылған болатын.