Алматы қаласының химия пәні мұғалімі әлемдегі үздік педагогтердің қатарына енді

0
158

Байқауға 130-дан астам елден бірнеше мың өтінім түсті.


Алматы қаласының химия пәні мұғалімі әлемдегі үздік педагогтердің қатарына енді

Фото: gov.kz.

Алматы қаласындағы №95 мектеп-лицейінің химия пәні мұғалімі Татьяна Белоусова Global Teacher Prize 2025–2026 халықаралық байқауының қорытындысы бойынша әлемдегі ТОП-50 үздік мұғалімнің қатарына кірді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

2025 жылы байқауға 130-дан астам елден бірнеше мың өтінім түсті. Қорытынды кезеңге білім беру саласына қосқан үлесі мен жоғары кәсіби деңгейін көрсеткен 50 педагог іріктелді.

Global Teacher Prize білім беру саласындағы ең беделді халықаралық марапаттардың бірі болып саналады және жыл сайын оқушылар мен білім беру қауымдастығына елеулі әсер еткен мұғалімдерді атап өтеді.

Финалистерді марапаттау рәсімі 2026 жылғы 1–5 ақпан аралығында Дубай қаласында өтетін халықаралық білім беру форумы аясында ұйымдастырылады.

Қазақстандық педагогтің бұл жетістігі елдегі мұғалімдер даярлау жүйесінің сапасы мен білім беру саласының тұрақты даму деңгейін көрсетеді.