Алматы маңында жантүршігерлік жол апаты болды: көлік ортасынан қақ бөлінген (ВИДЕО)

0
146

​Жолаушы оқиға орнында, жүргізуші ауруханада жан тапсырды.


Алматы маңында жантүршігерлік жол апаты болды: көлік ортасынан қақ бөлінген (ВИДЕО)

Фото: скриншот

ERNUR.KZ. Алматы маңындағы Өтеген батыр ауылында бір көлік автобус аялдамасына соғылып, екі адам жан тапсырды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Әлеуметтік желіде қорқынышты апаттың видеолары тарады

Әлеуметтік желіде осы апаттың суреттері мен видеосы тараған. Байқап отырғанымыздай, аялдамаға соғылған көліктің күлі көкке ұшып, ортасынан қақ бөлінген. Бейресми дерек бойынша көлік сағатына 200 км жылдамдықпен жүрген. Оның артында отырған жолаушы қаза тапты.

Полиция не дейді

Алматы облысының полиция департаменті хабарлағандай, қазір осы жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

«13 маусым күні BMW-323 көлігін басқарып келе жатқан жүргізуші Жансүгіров көшесімен келе жатып рульге ие бола алмай қалған. Сондықтан, автобус аялдамасына соғылған. Бір жолаушы оқиға орнында, ал жүргізуші есін жимастан ауруханада жан тапсырған», - деп хабарлайды полиция.