Алматы маңындағы ауданда ТЖ жариялануы мүмкін

0
527

​Шешім жобасы 27 тамыз қарсаңында "Ашық НҚА" сайтында онлайн талқылау үшін жарияланды.


Алматы маңындағы ауданда ТЖ жариялануы мүмкін

ERNUR.KZ. Алматы облысының Іле ауданында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялануы мүмкін, деп жазады tengrinews.kz.

Шешім жобасы 27 тамыз қарсаңында "Ашық НҚА" сайтында онлайн талқылау үшін жарияланды.

Құжатта Өтеген батыр ауылында Батталханов көшесінің бойында орналасқан ғимараттың астындағы жер асты суларының көтерілуіне байланысты кәріз және су құбырлары бұзылды деп хабарланды.

"Әкімшілік ғимараттың жертөлесінде өтетін кәріз құбыры мен су құбырының бұзылуына әкелген жер асты суларының көтерілуі нәтижесінде сумен жабдықтауда іркілістер және кәріз желісінің жұмысын тоқтата тұру пайда болды. Бұл жағдайлар жақын маңдағы тұрғын үйлер тұрғындарының күнделікті өміріне және әкімшілік ғимараттардың жұмысына теріс әсер етеді. Осы оқиғаға байланысты туындаған проблемаларды жою бойынша қажетті шараларды анықтау және салдарын бағалау үшін комиссиялық тексеру жүргізілді", - деп хабарлады Іле ауданының әкімдігі Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына жауапта.

Сондай-ақ, кеше, 27 тамызда "Ашық НҚА" сайтында әкімнің шешімі жарияланды, құжатта Геология және гидрогеология ұйымдары ғимаратқа толық техникалық тексеру жүргізетіні жазылған. Олар проблемалы ғимаратпен не істеу керегін анықтайды.

Жарияланған құжаттарда Іле ауданы әкімінің орынбасары Асқар Құрманғалиев төтенше жағдайды жоюға басшылық ететіні айтылған.