Желідегі ақпарат бойынша, олардың бірі мектептің директоры.
ERNUR.KZ. Алматыдағы оқу ошағының бірінде мұғалімдердің бір-біріне әдепсіздік танытқан әрекеті желіге тарап кетті, деп жазады azattyq-ruhy.kz,
Әлеуметтік желідегі видеоға қарағанда ғимараттың ішінде екі ересек әйел кабинеттің есігін, бірі күшпен ашса, екіншісі жабуға тырысқан. Есікті ары-бері жұлмалаған олардың бір нәрсеге келіспей қалғандары байқалады.
Бейнежазбаны жариялаған автордың жазуынша, олар Алматыдағы №142 мектептің педагогтары, бірі тіпті оқу ошағының дирекры екен.