Алматы облыстық ТЖД тұрғындарға үндеу жасады

0
1 369

Облыс аумағында су басудың алдын алу мақсатында тиісті шаралар қолға алынуда.


Алматы облыстық ТЖД тұрғындарға үндеу жасады

ERNUR.KZ. Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында облыс тұрғындарына үндеу жасады, деп жазады ҚазАқпарат.

Алматы облысының ТЖД мәліметінше, облыс аумағында су басудың алдын алу мақсатында тиісті шаралар қолға алынуда. Осыған байланысты Алматы облысының ТЖД үндеу жариялап, тұрғындардан үй маңындағы арықтарды тексеріп, оларды тазартуды сұрады.

«Құрметті Алматы облысының тұрғындары! Төтенше жағдайлар департаменті еріген суларды арық желілері арқылы кедергісіз өткізуді ұйымдастыру мақсатында жеке сектор тұрғындарынан жеке аумақтарда, сондай-ақ үйлерге іргелес учаскелерде орналасқан арықтарды тексеруді және тазартуды сұрады. Тұрғын үйлерді су басып қалмас үшін арық желілерінің қоқыспен бітелуіне және қар басып қалуына жол бермеулеріңізді сұраймыз»,- делінген департамент үндеуінде.