Тағы 20 584 адамның аталған төлемге берген өтініші қарастырылуда.
иллюстрациялық фото
ERNUR.KZ. Елімізде коронавирус індетіне байланысты жарияланған төтенше жағдай салдарынан табысынан айырылған Алматы облысының 15 мыңнан аса тұрғыны 42 500 теңге төлемді алды, деп жазады ҚазАқпарат.
«15 070 адам 42 500 теңге төлемді алды. Тағы 20 584 адамның аталған төлемге берген өтініші қарастырылуда», деді Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің хатшысы Ғалымұрат Жүкел.
Айта кетейік, аталған төлемге өтініш беріп жатқан тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Алматы облысының аудан, қалаларындағы банк және пошта бөлімшелерінің алдында арнайы жолақ сызылды. Ол жерде тұрғындардың бір-бірінен 1,5 метр қашықтықта кезекте тұруларына мүмкіндік жасалған.