Алматы облысында атыс: бір адам қаза тапты

0
764

7 қыркүйекте Іле орталық аудандық ауруханасына қарудан алған жарақатпен төрт жергілікті тұрғын түскен.


Алматы облысында атыс: бір адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Алматы облысында атыс болып, бір адам қаза тапты. Бұл туралы Алматы облысының полиция бастығы Бауыржан Әленов Instagram-парақшасында мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.

7 қыркүйекте Іле орталық аудандық ауруханасына қарудан алған жарақатпен төрт жергілікті тұрғын түскен. Тағы бір адам ауруханаға жетпей, жолда қаза болды.

"Бұл деректер ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (Адам өлтiру) және ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша тіркелді. Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысқандарды ұстады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта сараптамалық тексерулер тағайындалып, барлық қажетті тергеу шарасы жүргізіліп жатыр.

"Аймақтағы жағдай тұрақты және бақылауда", - деді полицейлер.

Еске салайық, 3 қыркүйекте сағат 00:30 шамасында Әл-Фараби-Назарбаев көшелері қиылысындағы "Сансет" мекемесінде атыс болды. Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын айтқан еді. Бетперде киген төрт адам оқ жаудырған. Бұл деректі Бостандық аудандық Полиция басқармасындағылар тіркеп, тексеру жүргізіп жатыр.