Алматы облысында дәретхана қағазын шығаратын цехта жарылыс болды

0
807

Апат салдарынан бір адам қаза тапты.


Алматы облысында дәретхана қағазын шығаратын цехта жарылыс болды

ERNUR.KZ. Алматы облысы Ұйғыр ауданының Шонжы ауылында дәретхана қағазын шығаратын цехта қағаз кептіруге арналған қазандық жарылған және ішінара шатыр құлаған. Оқиға орнында өрт болған жоқ, деп жазады Azattyq Rýhy.

Төтенше жағдайлар министрлінің ресми өкілі Талғат Уәлидің айтуынша, апатты жағдайдың салдарынан 1983 жылы туған бір жұмысшы қайтыс болды (үйіндінің астында қалды, ТЖД күштері шығарып алды). Ал 1999 жылы туған тағы бір жұмысшы түрлі жарақатпен Ұйғыр ауданының орталық ауруханасына жеткізілді.



Цехтың ауданы 200 шаршы метрді құрайды. Апат орнының көлемі 25 шаршы метр. Цехтың төбесі шатыр түрінде жасалған, бір қабатты, профильді жабындымен жабылған, қабырғасы - сплитерлік блок. Алдын ала болжам бойынша, апатты жағдай өндіріс технологиясының бұзылуынан болған.