Алматы облысында екі қарт адамды көлік қағып, мерт қылды

0
90

Көлік тізгінінде 37 жастағы жүргізуші болған.


Алматы облысында екі қарт адамды көлік қағып, мерт қылды

kazpravda.kz

ERNUR.KZ. Алматы – Өскемен тасжолының 18-шақырымында адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы болды. Шетелдік көліктің астына түскен екі қарт жаяу жүргінші қаза тапты, деп жазады ulysmedia.kz.

Оқиға қалай болды

Алдын ала мәлімет бойынша, Chevrolet Cobalt көлігі жолды белгіленбеген жерден кесіп өтіп бара жатқан екі ер адамды қағып кеткен. Екеуі де алған жарақаттарынан жедел жәрдем келгенге дейін оқиға орнында көз жұмды.

Көлік тізгінінде 37 жастағы жүргізуші болған.

Полиция не дейді?

Алматы облысының полиция департаменті аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

– Жаяу жүргіншілер қатысқан жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті сараптамалар тағайындалды, – деп нақтылады ведомство.

Тергеу барысы Алматы облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында.