Алматы облысында Камаздың тіркемесі ажырап, 4 адамды қаза қылды

0
158

Қайғылы оқиға 28 мамыр сағат 18:00 шамасында Алматы-Бішкек жолының 44 шақырымында болған.


Алматы облысында Камаздың тіркемесі ажырап, 4 адамды қаза қылды

Фото: Бейнежазбадан

ERNUR.KZ. Бұл туралы Алматы облыстық Полиция департаменті хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Қайғылы оқиға 28 мамыр сағат 18:00 шамасында Алматы-Бішкек жолының 44 шақырымында болған.

Түркістан облысының 39 жастағы тұрғыны басқарып келе жатқан КамАЗ маркалы жүк көлігінің тіркемесі жолда ажырап кеткен.

Ажырап кеткен тіркеме қарсы қозғалыс жолағына шығып, Geely көлігімен, одан кейін KIA Sportage көлігімен соқтығысқан.

Салдарынан 4 адам қаза тапты, оның ішінде Geely жүргізушісі де бар. Қазір жан-жақты тергеу жүргізіліп жатыр.