Алматы облысында кәсіпкерді өлтіріп кетті

0
832

Оған осыған дейін де бірнеше мәрте қастандық жасалғаны белгілі болды.


Алматы облысында кәсіпкерді өлтіріп кетті

ERNUR.KZ. Алматы облысында түнде белгісіз біреулер кәсіпкерді өлтіріп кетті. Полиция қылмыс орнына шұғыл жетті, деп жазады zakon.kz.


Ащысай ауылының тұрғынын үйінде болған кезде пышақтап кеткен. Қарнынан пышақ жарақатын алған ол Шелек ауылындағы ауруханаға жеткізілді, бірақ зардап шегушіні аман алып қалу мүмкін болмады, ол алған ауыр жарақаты салдарынан қайтыс болды.
Оған осыған дейін де бірнеше мәрте қастандық жасалғаны белгілі болды. Жергілікті тұрғындар оқиға орнына жиналып, кісі өлтірушіні тезірек тауып, жазалауды талап етті.

"ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының, 1-бөлігі, яғни "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілерді қамауға алу үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Жағдай жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының бақылауында", - деді ҚР ІІМ баспасөз қызметі.