Алматы облысында «Қазақтелеком» компаниясының салғырттығынан 4 жасар бала ажал құшты

0
393

Қайғылы оқиға Кеген ауданының Шырғанақ ауылында болған.


Алматы облысында «Қазақтелеком» компаниясының салғырттығынан 4 жасар бала ажал құшты

ERNUR.KZ. Алматы облысында «Қазақтелекомға» тиесілі сымдардың үзілуі салдарынан кішкентай бала қаза көз жұмды, деп жазады inform.kz.

Қайғылы оқиға Кеген ауданының Шырғанақ ауылында болған.

«Қазақтелеком» АҚ ұжымы Алматы облысы, Кеген ауданы, Шырғанақ ауылында болған қайғылы оқиғаға байланысты марқұм баланың ата-анасы мен туған туыстарына шын жүректен қайғырып көңіл айтады. «Қазақтелеком» қаза тапқан баланың отбасына материалдық көмекпен қоса, өзге де жан-жақты көмектерді көрсетуге әзір», — деп хабарлады «Қазақтелеком» АҚ компаниясы.

Компания аталған трагедияға қатысты кінәлілер жауапқа тартылатынын алға тартып отыр.

«Қазіргі уақытта жазатайым оқиға орнында ішкі істер органдары тергеу іс-шараларын жүргізіп, мән-жайлар мен электр беру кабелінің үзілуіне жол берген адамды анықтауда. Компания барлық мүдделі тараптармен бірге алдын ала шығарылатын қорытынды шешімді күтіп отыр», — делінген хабарламада.