Алматы облысында коронавирус инфекциясына шалдыққан науқас тіркелген жоқ

0
672

Қазір облыста эпидемиологиялық ахуал тұрақты.


Алматы облысында коронавирус инфекциясына шалдыққан науқас тіркелген жоқ

ERNUR.KZ. Алматы облысында 36 адам инфекциялық бөлімде емделіп жатыр,- деп жазады ҚазАқпарат.

Өткен аптада аурушаңдық деңгейі төмендеп, 9 провизорлық орталық жабылған болатын.

«Өткен тәулікте аймақта короновирус инфекциясын жұқтыру дерегі тіркелген жоқ. Қазір облыста эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Инфекциялық бөлімде 36 адам дәрігерлердің бақылауында. 183 адам үй жағдайындағы карантинде жатыр», - деді Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Өмірзақ Ниязбеков.

Жалпы аймақта ауырғандар саны 4892 адам, оның 4597 адам толықтай жазылып шықты.