Алматы облысында полицейді жаралаған тиран еркек оқиғасына қатысты тың дерек жарияланды

0
468

Учаскелік инспектор жергілікті тұрғынның шақыртуы бойынша оқиға орнына келді. Ол өзін күйеуі сабап жатқанын айтып шағымданған.


Алматы облысында полицейді жаралаған тиран еркек оқиғасына қатысты тың дерек жарияланды

фото видеодан алынған

ERNUR.KZ. 2024 жылы 17 сәуірде Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында әйелінің басына әңгір таяқ ойнатқан ер адам полиция қызметкерлеріне қарай оқ атқан. Оқыс оқиғаның егжей-тегжейін облыстық полицияның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады zakon.kz.

Учаскелік инспектор жергілікті тұрғынның шақыртуы бойынша оқиға орнына келді. Ол өзін күйеуі сабап жатқанын айтып шағымданған.

Полицейлер ашуға мінген ер адамды әңгімеге тартқан кезде ол күтпеген жерден үйден қару алып шығып, оқ атқан.

"Салдарынан полиция қызметкері оң қолынан жарақаттанды. Жараланғанына қарамастан тәртіп сақшысы ер адамды ұстап, қолындағы қаруын тартып алды", - деп мәлімдеді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшылары ұсталған адамның мас болғанын және өзіне де, айналасындағыларға да зиян тигізу қаупі жоғары болғанын нақтылайды.



"Ұсталған күдіктінің іс-әрекеті құқық қорғау органы қызметкерінің өміріне қол сұғуды көздейтін қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін қамтиды", - деп мәлімдеді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Қажетті сараптамаларды тағайындай отырып, аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды.