Алматы облысында тау баурайында құрғақ шөп өртенді

0
657

Байбұлақ ауылының маңында, таудың баурайында 10 гектар құрғақ шөптің жанғаны туралы хабарлама келіп түсті.


Алматы облысында тау баурайында құрғақ шөп өртенді

ERNUR.KZ. Алматы облысы Талғар ауданында құрғақ шөп өртенді, деп жазады tengrinews.kz.

1 шілдеде сағат 11:09-де Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Талғар ауданында, Байбұлақ ауылының маңында, таудың баурайында 10 гектар құрғақ шөптің жанғаны туралы хабарлама келіп түсті.

"Елді мекенге қауіп жоқ. Ауылға дейінгі қашықтық 1 километр, тау мен ауыл арасында өзен ағып жатыр. Сағат 14:30-да өрт толығымен сөндірілді. Өрттің аумағы 7 гектар болды", - делінген хабарламада.

Өртті жоюға ТЖД 17 қызметкері мен 4 техникасы, 15 әскери қызметшісі және № 28237 әскери бөлімінің 1 техникасы, 6 адам және жергілікті атқарушы органдардың 1 техникасы, 12 адам және 2 орман шаруашылығы техникасы жұмылдырылған.