Алматы облысында тұрақтандыру қорындағы құмшекер саудаға шығарылды

0
2 906

Жаз мезгілінде қант бағасының құны шарықтап кететіні бар. Мұндай жағдай негізінен делдалдардың кесірінен туындайды.


Алматы облысында тұрақтандыру қорындағы құмшекер саудаға шығарылды

ERNUR.KZ. Қант бағасының қымбаттауын болдырмау үшін Алматы облысында өткен жылы «Жетісу» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы 1200 тоннаға жуық қант сатып алынып, саудалана бастады, деп жазады «Хабар 24».

Тұрақтандыру қорындағы өнімнің бағасы нарықтағыға қарағанда, 10-15 пайызға арзан. Халық жеңілдетілген бағамен сатылатын қантты ірі сауда орындары мен облыс көлемінде әр сенбі сайын ұйымдастырылатын коммуналдық базарлардан ала алады.

– 2019 жылдың басынан бері 500 тоннадай қант сатылды. Қазіргі уақытта қоймаларымызда 700 тоннаға жуық қызылша құмшекері бар. Соны халыққа өткізу жоспарымызда, - дейді «Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ департамент директоры орынбасарының міндетін атқарушы Бақтияр Сембеков.