Алматы облысында үш адам жантүршігерлік жол апатынан қаза тапты

0
214

4 ақпанда Алматы-Бішкек тас жолының 102-шақырымында жантүршігерлік жол апаты болды.


Алматы облысында үш адам жантүршігерлік жол апатынан қаза тапты

ERNUR.KZ. Алматы облысының Жамбыл ауданында жол апаты болып, үш адам қаза тапты, деп жазады ulysmedia.kz.

4 ақпанда Алматы-Бішкек тас жолының 102-шақырымында жантүршігерлік жол апаты болды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Chevrolet Cobalt жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шығып, Hyundai Elantra көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан екі жүргізуші мен Hyundai Elantra жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Chevrolet Cobalt көлігінің тағы бір жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүргізілуде.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдық режимін бұзбауға және жолда аса мұқият болуға шақырады.