Жол апаты салдарынан екі жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында алған жарақаттарынан көз жұмды.
ERNUR.KZ. Алматы-Астана автожолының 225-шақырымында екі жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан 5 адам көз жұмды, деп жазады sputnik.kz.
Депаратменттің мәліметінше, 26 шілде күні сағат 11:00-де “Toyota Corolla" маркалы автокөліктің 29 жастағы жүргізушісі "Алматы-Астана" автожолының 225-шақырымында қарсы жолаққа шығып кетіп , "Тойота-Камри" маркалы автокөлікпен соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан екі жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында алған жарақаттарынан көз жұмды.
Аталған факті Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша Жамбыл аудандық полиция басқармасында тіркелді. Қажетті сараптамалық тексерулерді тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.