Тілсіз жауды ауыздықтауға Алматы облысы және Алматы қаласының ТЖД күштерінің 18 қызметкері мен 6 арнайы техникасы жұмылдырылды.
Фото: canva
ERNUR.KZ. Алматы облысында Іле ауданындағы Кенен Әзірбаев ауылында өрт шығып, анасы мен сәбиі тірідей жанып кетті, деп жазады inbusiness.kz.
Үш жеке тұрғын үй мен оларға жақын шаруашылық ғимараттары өрттен зардап шекті.
"Өрт туралы ақпарат кеш хабарланғандықтан, жалын тез тараған", – дейді ТЖМ құтқарушылары.
Төтенше жағдайды жоюға қою түтін және үйдің қамыс қапталған каркас қабырғалары кедергі болған. Сонымен қатар, үйлердің бір-біріне өте жақын орналасуы (ара қашықтық небары 1,5-2 метр) мен тар көшелер де қиындық тудырған.
Жанып жатқан үйден әйел мен сәбиінің мәйіті табылды, күйік шалған тағы бір адам ауруханаға жеткізілді.
Өрт 448 шаршы метр аумақты шарпыған. Ошақтан 4 газ баллоны қауіпсіз жерге шығарылды.