​Алматы облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты

0
133

Land Rover Range Rover көлігінің 22 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, аударылып кеткен.


​Алматы облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты

Фото: gov.kz

ERNUR.KZ. Алматы-Бішкек тас жолындағы апаттан төрт адам мерт болды, деп жазады inform.kz.

Алматы облыстық Полиция департаментінен мәлім еткендей, жол апаты 21 сәуір күні Алматы-Бішкек автожолының 86 шақырымында болды.

– Анықталғандай, Land Rover Range Rover көлігінің 22 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, аударылып кеткен. Жол апаты салдарынан жүргізуші мен екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір адам ауруханада қайтыс болды, - деп хабарлады Алматы облыстық Полиция департаментінен.
Бұл факт бойынша полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Бұған дейін Батыс Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасынан екі жасөспірім қаза тапқаны туралы жазған едік.