Алматы облысында жол апатынан 8 адам көз жұмды

0
131

Lexus жолдың қарсы бетіне шығып, Toyota Alphard-пен бетпе-бет соқтығысқан.


Алматы облысында жол апатынан 8 адам көз жұмды

фото: Rico_Loeb

ERNUR.KZ. Алматы облысында болған жол апатынан 8 адам көз жұмды, деп жазады sputnik.kz.
Облыстық полиция депаратменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, қайғылы оқиға "Алматы–Бішкек" тас жолының 107-шақырымында болған. Lexus жолдың қарсы бетіне шығып, Toyota Alphard-пен бетпе-бет соқтығысқан.
"Жол апаты кезінде 8 адам оқиға орнында көз жұмды. Ал екі адам ауруханаға жеткізілді", - дейді полицейлер.
Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.