Алматы облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, екеуі жарақат алды

0
437

Жол апатының салдарынан Ford Focus жүргізушісі сол жерде көз жұмды.


Алматы облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, екеуі жарақат алды

ERNUR.KZ. 30 Қарашада Mercedes Benz 280 жүргізушісі Алматы – Бесмойнақ автожолының 77-шақырымында келе жатып, қарсы қозғалыс жолағына шығып, Ford Focus автокөлігімен, содан кейін инерция бойынша ВАЗ-2114 көлігімен соқтығысты, деп жазады Zakon.kz.



"Түрлі жарақаттарымен екі жолаушы аудандық ауруханаға жатқызылды. ЖКО фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Жамбыл облысы полиция департаменті.

Өңір полициясы барлық жүргізушілерді рұқсат етілген жылдамдық режимін қатаң сақтауды және жол ережелерін бұзбауды ескертті.