ERNUR.KZ. Алматы облысы Іле ауданының әкімдігі "жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" шешім дайындады, деп жазады Zakon.kz.
"Іле ауданы, Өтеген батыр ауылдық округі, Өтеген батыр ауылы, З.Батталханов көшесінде орналасқан 1 ғимарат астынан жерасты суының көтерілуі салдарынан кәріз және су құбырларының серпіліп бұзылуына байланысты, жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын",- делінген "Ашық НҚА" сайтына орналастырылған құжатта.
Іле ауданының әкімдігінің мәліметінше, кентте жыл сайын жер асты суларының көтерілуіне байланысты ғимараттар мен жертөлелерді су басады, соның салдарынан іргетастар шөгеді.
Қазіргі уақытта ҰҚК ғимаратын су басу орын алды, бұл туралы ТЖД 13 тамызда хабарлаған болатын. Бірақ әзірге мекемеде ешқандай жұмыс жүргізіліп жатқан жоқ.
"Біз қарап шықтық, барлық жерді су басқан. Бұл ғимараттың іргетасына зақым келтіруі мүмкін. Әзірге ешқандай жұмыс жүргізілмеді. Бүгінде растайтын құжаттарды жинап жатырмыз. ТЖД бізге өз қорытындысын бермейінше ештеңе істей алмаймыз". Іле ауданы әкімі аппаратының заң бөлімінің бас маманы Марат Ахментаев
Әкімдік өкілінің айтуынша, барлық қажетті құжаттар жиналып, 27 тамызда әкімнің "Ашық НҚА" сайтына ТЖ жариялау туралы шешімін іліп қойған.
"Ертең түске дейін ол қарастырылады. Шешімді талқылағаннан кейін біз ТЖД – ға құжаттар топтамасын жібереміз және ТЖ режимін жариялай аламыз", — деп түйіндеді бас маман.