Алматы облысының тұрғыны полиция қызметкерін атып тастады

0
330

Шелек ауылының тұрғыны күйеуінің қол көтергенін айтып полицияға хабарласқан.


Алматы облысының тұрғыны полиция қызметкерін атып тастады

ERNUR.KZ. Қоңырау түскен үйге барған екі полиция қызметкерінің бірін үй иесі мылтықпен жаралаған, деп жазады baq.kz.

Аталған жағдай 17 сәуір күні болған. Оқиға орнына келген құқық қорғау органының қызметкерлері күдіктімен аулада кездесіп, жауап алуға тырысқан. Алайда ол үйге кіріп, мылтық алып шыққан және полиция қызметкерлеріне қарай бір рет оқ атқан.

Оң жақ білегінен оқ жарақатын алған қызметкерлердің бірі ауылдың орталық аудандық ауруханасына жеткізілді. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Полицейлер ер адамды қолға түсіріп, 12 калибрлі ИЖ-27 тегіс ұңғылы аңшы мылтығын тәркіледі.

Күдіктіге ҚР ҚК 380-бабының 5-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.