​Алматы студенттерін қоғамға қызмет етуге оқытады

0
2 326

«U 38» университеттер альянсы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қоғамға қызмет етуге оқыту» жобасын іске қосты.


​Алматы студенттерін қоғамға қызмет етуге оқытады

ERNUR.KZ. «U 38» университеттер альянсы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қоғамға қызмет етуге оқыту» жобасын іске қосты, деп жазады Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін алматыда Қазақстан ЖОО-на әлемдік тәжірибедегі «Community Service Learning» бағдарламасын енгізуді таратуға арналған семинар өтті.

«U 38» альянсының төрайымы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ проректоры Шолпан Жаманбалаеваның айтуынша, қоғамға қызмет ету – бұл Қазақстанның барлық университеттеріндегі студенттік жастарды негізгі қасиет ретінде дағдыландыруға тиіс құндылық.

«Жалпы «Рухани жаңғыру» қоғам алдындағы өзінің жоғары әлеуметтік жауапкершілігін сезінетін мамандарды дайындауға жауап береді, бүгінде Алматы университеттері білім беру үдерісі аясында «қоғамға қызмет ету» жүйелік оқытуға көшуге дайын. Осы қадамды енгізіп үлгерген жетекші университтер өзге де білім ордаларына біртіндеп әдістемелік көмек көрсетпек, соның ішінде жергілікті жерлерде ұйымдастырылатын семинар-тренингтерде көмектер көрсетіледі», -деді ол.

Алматының 38 университетінің өкілдері қатысқан бірінші семинарда Almaty Management University тәжірибесі ұсынылды. AlmaU-дың бірінші проректоры Алмагүл Қанағатова, 2015 жылдан бастап «Community Service Learning» пәні барлық студенттерге міндеттелгенін атап өтті.

«Бұл оқу курсы барысында студенттер қоғамға қызмет етуді үйренеді әрі қарттар, мүгедектер үйлерінде және өзге де әлеуметтік мекемелерде жұмыс істей отырып, өздерінің білімдерін тәжірибеде қолданады», -дейді ол.

AlmaU серіктестері қатарында үш жылда аталмыш бағдарламаның жақсы нәтижесін көрсетіп үлгерген - "Bauyrzhan Foundation" ҚҚ, "Special Olympics" ҚҰ, «Аман Саулық» ҚҚ, "Жігер" ҚҚ сияқты үкіметтік емес ұйымдар бар.

Жергілікті қоғамдастық үшін әлеуметтік маңызы бар іс-шаралардың жарқын мысалы ретінде ҚазҰУ студенттері зейнеткерлер мен аз қамтылған топтарға тегін кеңес беретін Студенттік заң клиникасының құрылуын атауға болады.

Семинар қорытындысында Қазақстан университеттеріне тәжірибедегідей әлеуметтік маңызы бар «қоғамға қызмет» негізін білім әдістемесіне енгізу үшін бірнеше нақты ұсыныстар жасалды. Оларды жүзеге асыру үшін «U 38» альянсының мүшелері осы оқу жылынан бастап іске кіріспек. «U 38» альянсының кең ауқымды жаңа жобасын үйлестіруді Almaty Management University жүзеге асыратын болды.