Алматы тауларынан студент қыздың денесі табылды

0
1 995

Алматыдағы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің студенті Дария бейсенбі күні үйінен шығып, оқуына асығып кеткен. Жұма күні оның денесі тау жақтан табылды


Алматы тауларынан студент қыздың денесі табылды

Алматыдағы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің студенті Дария бейсенбі күні үйінен шығып, оқуына асығып кеткен. Жұма күні оның денесі тау жақтан табылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы отбасының жақыны Мейрамгүл Исатай фейсбук парақшасында жазды. «Ауыр қайғы. Небәрі 19 жаста. Арманшыл еді, ағылшын тілінің маманы болғысы келетін. Бейсенбі күні таңертең Алматы қаласындағы үйінен универдегі сабағына асығып кеткен. Бірақ сабаққа бармапты. Жансыз денесі кеше тау жақтан табылды. Жауқазындай жайнаған Дарияның өліміне кінəлі қара ниеттілер де анықталар. Аллам тек анасы Гүлбаршынға үлкен сабыр беріп, о дүниеге кеткен Дарияны алдынан жарылқасын!», - деп жазды Мейрамгүл Исатай.

Марқұмның жақындары оның кісі қолынан қаза тапқанын айтады. Ал Алматы қалалық ІІД бойжеткен суицидке барған деген алдын ала болжам жасап отыр. «Алдын ала мәлімет бойынша, қыз бала өзіне қол салған. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр», - деді ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.