Әйелдің жансыз денесін жүгіруге шыққан ер адам тауып алған.
ERNUR.KZ. Алматы тауларында әйел адамның денесі табылды, деп жазады ҚазАқпарат.
«23 ақпанда Медеу ауданының таулы аймағында 40-45 жас шамасындағы еуропа нәсілді әйелдің денесі табылды. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - деді қалалық ПД баспасөз қызметінен.
Таңертең жүгіруге шыққан ер адам әйелдің жансыз денесін тауып алып, полиция шақырған.
Оқиға орнынан түсірілген фото әлеуметтік желіде таралып жатыр.