Алматыда 13 жасар баланы тал түсте атып кеткен: Полиция қылмыскерді іздеп жатыр

0
653

Оқиға 16 сәуірде болған.


Алматыда 13 жасар баланы тал түсте атып кеткен: Полиция қылмыскерді іздеп жатыр

ERNUR.KZ. Алматы облыстық ауруханасына оқ жарақатымен жеткіншек түсті. Бақытымызға орай, дәрігерлер баланың өмірін аман алып қалды. Полицейлер сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп жазады stan.kz.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқиға 16 сәуірде болған. 13 жасар бала оқ тиген уақытта үйінің жанындағы көл жағасында ойнап жүрген.

"Дәрігерлер балаға операция жасап, денеден оқты алып тастады. Оқ оң жақтағы кеуде қуысы арқылы өтіп, өкпенің тіндерін зақымдап, иық пышағының төменгі полюсінің проекциясында қабырға аралыққа жабысып қалған. Нақты және жедел әрекет еткен дәрігерлердің арқасында кішкентай баланың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік туды", - делінген хабарламада.

Полиция оқиғаның Іле ауданында болғанын хабарлады. Қазіргі уақытта аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

"Оқтың пневматикалық қарудан атылғаны анықталды. Барлық қажетті сараптамалық зерттеулер тағайындалды. Тергеу жалғасуда", – делінген хабарламада.