Алматыда 45 жастағы әйел емші мен қызын өлтіріп тастады

0
1 348

Аталған қылмысқа қатысты 45 жастағы күдікті ұсталды.


Алматыда 45 жастағы әйел емші мен қызын өлтіріп тастады

Иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Алматы облысында екі адамның өліміне кінәлі күдікті ұсталды, деп хабарлайды ktk.kz.

Жеке үйдің ауласынан екі әйелдің денесі табылған. Күдікті әйел өзінің туысы мен оның қызын пышақтап өлтірген. Қылмысқа қатысты 45 жастағы әйел ұсталды. Жергілікті тұрғындар жедел жәрдем мен полиция шақырған. Дәрігерлер келгенге дейін пышақ жарақатын алған әйелдерді құтқару мүмкін болмады. Сондай-ақ, қылмыс болған жерден адам өлтірген қару табылған.

"Оқиға орнына сот-медициналық және тергеушілер келді. Күдіктіні іздеу басталды. Марқұмдардың денесінде бірнеше пышақ жарақаты болған. Жұмыс тобы құрылып, «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бірнеше сағат ішінде 45 жастағы әйел ұсталды", - деді тергеуші Дамир Мырқасымов.

Марқұмдар бір отбасының мүшелері. Анасы 67, қызы 44 жаста. Белгілі болғандай, зардап шеккендердің бірі емшілікпен айналысқан. Емдеу үшін оған бүкіл ауыл адамдары барған. Кісі өліміне күдікті де дәл осындай мақсатта келеді. Ол қайтыс болған адамның туысы. Әйел жиі бас ауруына шағымданған екен.

"Мен оларға келдім, ол мені қарады. Ол маған емделуге болмайтынын, менің басымда проблемалар бар екенін және психикам бұзылғанын айтты. Сен ешқашан адам болмайсың деді. Маған бұл ұнамады, сол кезде не болғанын білмеймін. Мен өзіме және әрекеттеріме есеп бере алмадым", - дейді күдікті.

Мұның бәрі рәсімнен кейін басталды дейді полиция. Ұсталған адамның өзі не болғанын айтып бере алмайды. Ол тек асүй пышағын алғанын есіне алады. Күдікті оқиғадан кейін ауылдың шетіне қарай қашқан.

"Әйелмен сөйлесу өте қиын, көптеген сұрақтар бойынша ол нақты жауап бере алмайды және өлтірудің нақты себебін атай алмайды. Бірақ ол бұл қылмысын мойындады. Ол туыстарын өлтіргісі келмегенін айтады", - деді тергеуші.

Күдікті психикасының бұзылуынан зардап шегетіні белгілі. Тергеу шаралары әлі аяқталған жоқ. Іс бойынша бірнеше сараптама тағайындалды. Екі адам өлтіру бойынша тергеу облыстық полиция департаментінің ерекше бақылауына алынды.